Sportroom

Киллиан Мбаппе Реалдағы маусымның үздік ойыншысы атанды

Реал Мадрид клубы ресми сайтында 2025/26 жылғы маусымның үздік футболшысының есімін жариялады,— деп хабарлайды newsroom.kz

Бұл марапат «корольдік клубтың» франциялық шабуылшысы Kylian Mbappé-ге бұйырды. Ол бұл жүлдені қатарынан екінші маусым жеңіп алып отыр.

Еске салсақ, Мбаппе Испания чемпионатында 25 гол соғып, La Liga маусымының үздік сұрмергені атанды. Сонымен қатар, ол қазіргі UEFA Champions League маусымындағы мергендер тізімінде де 15 голмен көш бастап тұр.

Жалпы, аяқталған маусымда Килиан «Реал» сапында 44 матч өткізіп, 42 гол соқты. Сондай-ақ ол төрт рет «корольдік клубтың» ай үздік ойыншысы атанды. Маусым соңындағы бірнеше ойынды Мбаппе жарақатына байланысты өткізіп алды.