Әлем

Қырғызстандағы сел: ондаған үй мен аула су астында қалды

Ош облысының Өзгөн ауданында нөсер жауыннан кейін сел жүріп, ондаған үйді су басты,— деп хабарлайды newsroom.kz

Ведомство мәліметінше, сел тасқындары Кароол, Баш-Дөбө, Төрт-Көл ауыл аймақтарының аумақтарында, сондай-ақ Өзгөн қаласының өзінде жүрген.

Табиғи апат салдарынан 57 тұрғын үйдің жертөлесін су басып, 40-тан астам үйдің ауласы лай-сумен толған.

Қазіргі уақытта апат салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиға орындарында ондаған құтқарушы мен арнайы техника жұмылдырылған. Құтқару қызметтері аумақтарды лай мен сел қалдықтарынан тазарту жұмыстарын жүргізуде.

Зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге түскен жоқ.