Конгода Эбола безгегінен көз жұмғандар саны 200-ден асты
Конго Демократиялық Республикасында (КДР) Эбола безгегінен көз жұмды деген күдікке ілінгендер саны 204 адамға жетті,— деп хабарлайды newsroom.kz
Мәліметтерге сәйкес, КДР-дың шығысындағы Итури, Солтүстік Киву және Оңтүстік Киву провинцияларында вирус жұқтырудың 867 күмәнді жағдайы тіркелген. Оның ішінде 91 адамның вирус жұқтырғаны зертханалық түрде расталып, 10 адам қайтыс болғаны нақтыланды.
Еске салайық, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Эбола індетінің таралуын халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялаған болатын.