Әлем

Америкада жанармай құны шарықтады: бірқатар штатта жаңа рекорд күтілуде

Tasnim News агенттігінің хабарлауынша, Иранға қарсы соғыс басталғалы бері АҚШ-та бензин бағасы орта есеппен 50 пайыздан астам қымбаттаған. Мамыр айының соңғы дүйсенбісінде атап өтілетін мереке күні қарсаңында елдің бірнеше штатында жанармай бағасы жаңа рекордтық деңгейге жетеді деп күтілуде,— деп хабарлайды newsroom.kz

Болжам бойынша, Аляска, Колорадо, Гавайи, Кентукки, Мичиган, Миннесота, Миссури, Монтана, Небраска, Нью-Мексико, Огайо, Орегон, Оңтүстік Дакота, Вашингтон, Батыс Вирджиния және Вайоминг штаттарында бензин бағасы 2022 жылғы көрсеткіштен асып, тарихи максимумға жетуі мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленістің жалғасуы аясында АҚШ-та жанармай бағасы ел тарихындағы ең жоғары деңгейге көтерілуі ықтимал. Өйткені Ормуз бұғазы әлі де жабық күйінде қалып отыр. Сондай-ақ АҚШ-тың қатаң әрекеттеріне байланысты бұл стратегиялық су жолындағы жағдайдың жақын уақытта соғысқа дейінгі қалыпқа келуі екіталай екені айтылуда.