Жаңалықтар

Нью-Йоркте баржада жарылыс орын алды

Нью-Йоркте баржада шыққан өрт пен жарылыс салдарынан 36 адам зардап шегіп, бір адам қаза тапты,— деп хабарлайды newsroom.kz

Мәліметке сәйкес, зардап шеккендердің басым бөлігі — өрт сөндірушілер мен құтқарушылар. Оқиға салдарынан бір бейбіт тұрғын көз жұмған.

Өрт пен жарылыс Нью-Йорк қаласындағы кеме жасау зауытында тұрған баржада болған. Алғашында 16 адамның зардап шеккені хабарланған еді. Қазіргі уақытта жарылыстың шығу себептері анықталып жатыр.