Бекхэмдер отбасы миллиардерлер қатарына қосылды
The Times басылымының жаңа рейтингіне сәйкес, Дэвид Бекхэм мен Виктория Бекхэм отбасының байлығы 1 миллиард фунт стерлингтен асты. Қазіргі таңда олардың жалпы капиталы £1,185 млрд деп бағалануда, деп хабарлайды newsroom.kz
Тек соңғы бір жылдың өзінде жұптың байлығы 500 миллион фунтқа көбейген.
Бұл қарқынды өсімге не себеп болды?
Негізгі табыс көзі Дэвид Бекхэмнің АҚШ-тағы инвестицияларымен байланысты. Лионель Мессинің Inter Miami CF клубына ауысуы Бекхэмнің жобаға тиесілі үлесінің құнын күрт арттырды.
Месси клубқа MLS чемпионы атағын, Лигалар кубогын және тұрақты чемпионаттағы жеңісті алып келді.
Бекхэм әлемдік спорт жұлдыздарымен салыстырғанда
Sportico нұсқасы бойынша спортшылардың тарихи табыс рейтингінде Дэвид Бекхэм 1,68 миллиард доллар көрсеткішімен үздік ондыққа сенімді түрде енген.
Әлемдегі ең бай спорт жұлдыздарының алғашқы ондығы:
• Майкл Джордан — $4,5 млрд;
• Тайгер Вудс — $2,88 млрд;
• Криштиану Роналду — $2,52 млрд;
• Леброн Джеймс — $2,03 млрд;
• Лионель Месси — $1,99 млрд;
• Арнольд Палмер — $1,85 млрд;
• Джек Никлаус — $1,83 млрд;
• Дэвид Бекхэм — $1,68 млрд;
• Роджер Федерер — $1,67 млрд;
• Флойд Мейвезер — $1,57 млрд.
Бекхэмнің мысалы спорттық мансап аяқталғаннан кейін де дұрыс инвестиция мен мықты жеке бренд құру кейде ең ірі спорттық келісімшарттардан да көп табыс әкелетінін дәлелдейді.