Жергілікті метеорологиялық қызметтердің мәліметіне сүйенген телеарна Айова, Канзас, Миннесота және Небраска штаттарында кемінде 20 торнадо тіркелгенін мәлімдеді. Табиғи апат салдарынан бірнеше тұрғын үй қираған. Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Сонымен қатар аталған және өзге де штаттарда екпінді желмен бірге жүрген күшті найзағай байқалды. Мамандар оның қауіптілік деңгейін бес балдық шкала бойынша төрт балл деп бағалаған.
Синоптиктердің болжауынша, сейсенбі күні де АҚШ-тың оңтүстігіндегі Техас штатынан бастап, шығыс жағалаудағы Вермонт штатына дейінгі аумақта күшті найзағай сақталады. Сондай-ақ торнадо қаупі де жоққа шығарылмайды.
Айта кетелік, Канзас, Миссури және Небраска штаттарының тұрғындарына су тасқыны мен жергілікті жерлерді су басу қаупі жөнінде ескерту жасалды.