weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Бүгін, 13:00 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

АҚШ-та әуе шоуы апатпен аяқталды: екі әскери ұшақ соқтығысты

Оқиға жексенбі күні Маунтин-Хоум әскери әуе базасында ұйымдастырылған Gunfighter Skies авиашоуы барысында болған. Бұл туралы Idaho Statesman басылымы мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

АҚШ-та әуе шоуы апатпен аяқталды: екі әскери ұшақ соқтығысты

Куәгерлер түсірген видеода соқтығысқаннан кейін екі ұшақтың ауада айналып барып, жерге құлап, жарылғаны көрінеді. Апат орнында қара түтін көкке көтерілген. Сонымен қатар аспанда төрт парашют ашылғаны байқалған.

Әуе шоуының жүргізушісі көрермендерге экипаж мүшелерінің аман-есен катапульталанғанын және парашюттердің қалыпты ашылғанын мәлімдеді.

Associated Press агенттігінің мәліметінше, соқтығысқан ұшақтар АҚШ Әскери-теңіз күштеріне тиесілі болған. Тынық мұхиты әскери авиациясы қолбасшылығының өкілі, командер Амелия Умаям төрт экипаж мүшесінің де сәтті катапульталанғанын айтты. Жерде зардап шеккендер жоқ, ұшқыштардың жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Джефф Гуццетти әуеде соқтығысқан кезде барлық экипаж мүшесінің аман қалуы өте сирек жағдай екенін атап өтті. Оның пікірінше, бұған ұшақтардың бірден бөлініп кетпей, біраз уақыт бірге қозғалғаны себеп болуы мүмкін.

— Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа техникалық ақау емес, пилоттардың қателігі себеп болғанға ұқсайды, — деді сарапшы.

Айта кетелік, оқиғадан кейін авиашоудың қалған бөлігі тоқтатылды. Қазір апаттың себептерін АҚШ Әскери-теңіз күштері тергеп жатыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→