Әлем

Қытайда 5,2 магнитудалы жер сілкінісі болды: қаза тапқандар бар

Қытайда 18 мамырға қараған түні магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі тіркелді. Салдарынан екі адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар 13 ғимарат қираған,— деп хабарлайды newsroom.kz

Сейсмикалық белсенділік Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында болған. Табиғи апаттан кейін Лючжоу қаласының 7 мыңнан астам тұрғыны эвакуацияланды.

Теміржол қызметінің мәліметінше, инфрақұрылымның бүтіндігін тексеруге байланысты көлік қатынасында уақытша іркілістер байқалған. Алайда зардап шеккен аймақта байланыс, электр энергиясы, су және газ жүйелері, сондай-ақ көлік қозғалысы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.