Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз. Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
Бүгін– дүниежүзілік майтабандылық күні. Бұл күнді халықаралық Ponseti International қауымдастығы бекіткен. Майтабандылық (майтабандық) – табанның сыртқы және ішкі пішінінің өзгеруі (деформацияға ұшырауы) салдарынан пайда болатын ауру. 3 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар 1539 жылы Флорида Испания корольдігінің иелегіне өтті;
1540 жылы Эрнандо де Сото еуропалықтардың арасында бірінші болып Аппалачи тауын кесіп өтті;
1837 жылы Лондонда әлемде алғаш рет кедергілермен жүгіру белгілері орнатылған ипподром ашылды;
1970 жылы бірінші рет жасанды ген синтез жолымен алынды. 3 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар 1925 жылы Қырғызстанмен шекараны межелеуге байланысты Шу облысы "уезд құқығындағы аудан" мәртебесін алды;
1988 жылы Қазақ КСР жоғарғы кеңесі Жарлығымен халыққа білім беру министрлігі құрылды. Бұл министрлік Қазақстан президентінің 1992 жылы 8 мамырдағы жарлығымен білім министрлігі болып қайта құрылды;
1999 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ішіндегі кіші Ақсарайға қазақтың хандары мен билерінің мүрделері қайта жерленді;
1999 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Ана тілінің айбары" белгісі тапсырылды;
2011 жылы Шымкентте алғаш рет туа біткен ерін ақаулығы бар балаларға арналған оңалту орталығы ашылды;