Патерналистік көзқарастан арылу: инклюзияның жаңа әлеуметтік моделі
Алматы қаласының әлеуметтік саясатында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты патерналистік және масылдық стереотиптерді азайтуға бағытталған жаңа тәсілдер кезең-кезеңімен
Сарапшылардың айтуынша, Алматыда тек инфрақұрылымдық өзгерістермен шектелмей, қоғамның көзқарасын өзгертуге бағытталған кешенді жобалар жүзеге асырылып жатыр. Негізгі мақсат – ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды тек көмек алушы ретінде емес, қоғамның толыққанды және белсенді мүшесі ретінде қабылдау мәдениетін қалыптастыру.
Осы бағытта білім беру, жұмыспен қамту және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде күшейтілуде. Қоғамда «тең мүмкіндік» қағидаты біртіндеп негізгі құндылықтардың біріне айналып келеді.
Бұл өзгерістер әлеуметтік тәуелділікті азайтып, азаматтардың өз өміріне жауапкершілікпен қарауына және жеке әлеуетін толық іске асыруына жол ашады.