Нью-Мексикодағы ұшақ апаты: Борттағы 4 адам көз жұмды
АҚШ-тың Нью-Мексико штатында медициналық ұшақ құлады. Ұшақ бортында болған төрт адамның барлығы көз жұмды,— деп хабарлайды newsroom.kz
«Бейсенбі күні таңертең Нью-Мексико штатындағы Руидосо қаласының маңында шағын медициналық ұшақ апатқа ұшырады. Салдарынан борттағы төрт адамның барлығы қаза тапты», – делінген хабарламада.
Оқиға болған Линкольн округінің билігі әзірге әуе апатының нақты себебі белгісіз екенін мәлімдеді. Ұшақ құлаған жерде өрт шығып, жалын шамамен екі гектар аумақты шарпыған.