«Инклюзивті Алматы»: қоғамдағы теңдік пен өзара құрмет мәдениеті қалыптасуда
Алматыда инклюзивті қоғам құру тек әлеуметтік саясат емес, сонымен қатар қоғамдық сананы өзгертуге бағытталған ұзақ мерзімді процесс ретінде қарастырылуда.
Инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі кеңестер мен талқылаулар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Онда мемлекеттік органдар, ҮЕҰ және қоғам белсенділері бірлесіп шешім қабылдайды.
Негізгі бағыттардың бірі – қоғамдағы стереотиптерді азайту, ерекше қажеттілігі бар адамдарға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Бұл жерде теңдік қағидаты басты орын алады.
Инклюзия тек әлеуметтік көмек емес, ол – адамдар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың негізі.