Алматыда инклюзияның жаңа бағыты: тең мүмкіндік арқылы білім мен жұмыспен қамту
Инклюзия саясаты мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тек физикалық қолжетімділік емес, сонымен қатар кәсіби даму мен еңбек нарығына шығу мүмкіндігін де кеңейтуді көздейді.
Алматыда ITeachMe ұйымымен жасалған меморандум аясында ерекше қажеттілігі бар адамдарға цифрлық мамандықтар үйретілуде. UX/UI дизайн, SMM, бағдарламалау сияқты бағыттар бойынша оқыту жүргізіледі.
Бағдарлама қатысушылары білім алып қана қоймай, кейін жұмысқа орналасуға да мүмкіндік алады. Бұл – патерналистік көзқарастан арылып, адамдардың өз әлеуетін жүзеге асыруына бағытталған маңызды қадам.
Алматыда инклюзивті саясат әлеуметтік тәуелділікті азайтып, еңбекке қабілетті азаматтарды қолдауға бағытталып отыр.