Жаңалықтар

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау жаңа деңгейге көтерілуде

Алматы қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқықтарын қорғау мен инклюзияны дамыту бағытында жүйелі мемлекеттік саясат күшейіп келеді. Қалада инклюзивті орта қалыптастыру – әлеуметтік әділеттіліктің негізгі бағыты ретінде қарастырылуда.

Алматы әкімдігі мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамға толыққанды араласуын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар жүргізіп отыр. Соңғы жылдары қалалық инфрақұрылымның қолжетімділігі кең ауқымда тексеріліп, 34 мыңнан астам нысан паспортталған. Оның ішінде мемлекеттік мекемелер, тұрғын үйлер және қоғамдық көлік нысандары бар.

Басты мақсат – қаладағы барлық азаматтарға тең мүмкіндік жасау және кедергілерді азайту. Сонымен қатар, инклюзивті саясат тек инфрақұрылыммен шектелмей, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау салаларын да қамтиды.