Жаңалықтар

Қазақстанда қай гүлді жұлсаң, миллиондап айыппұл төлейсің?

Қазақстанда кез келген гүлді жұла берген үшін айыппұл салынбайды. Негізінен айыппұл Қызыл кітапқа енген сирек өсімдіктерге және қаладағы көгалдандыру нысандарын бүлдіруге қатысты қолданылады,— деп хабарлайды newsroom.kz

Қызыл кітаптағы қызғалдақ, бәйшешек, сирек бақбақ түрлері сияқты өсімдіктерді жұлса — 3000 АЕК айыппұл қарастырылған. 2026 жылғы есеппен бұл шамамен 13 млн теңге.

Ал саябақтағы, көше бойындағы немесе ауладағы сирень (мамыргүл) сияқты бұталарды сындыру не жұлу — шамамен 216 мың теңге айыппұлға әкелуі мүмкін.

Қазақстанда жиі айтылатын қорғалатын гүлдер:

• Қызғалдақ;

• Бәйшешек;

• Көксағыз бақбақ.

Айта кетелік, Түркістан, Жамбыл және Алматы өңірлерінде сирек гүлдерді жұлуға бақылау күшейтілген.