Қытайда тұрғын үйдегі өрттен 5 адам қаза тапты
Қытайдың оңтүстігіндегі Хунань провинциясындағы тұрғын үйде болған өрт салдарынан бес адам көз жұмды,— деп хабарлайды newsroom.kz
Өрт түнгі уақытта Хэнъян қаласының Яньфэн ауданындағы көпқабатты тұрғын үйде шыққан. Өрттің шығу себептері әзірге анықталған жоқ.
Құтқарушылардың күшімен өрт толық сөндірілді. Оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алған.
Қазір аталған дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.