Жаңалықтар

Ресейдің Краснодар өлкесінде мектеп оқушысы атыс ұйымдастырды

Ресейдің Краснодар өлкесінде оқушылардың бірі мектепке қарумен келген. Нәтижесінде атыс орын алды,— деп хабарлайды newsroom.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, тоғызыншы сынып оқушысы пневматикалық қарудан оқ атып, өзге балаларға тигізген. Оқиғадан кейін жасөспірім қашып кетпек болған, алайда оны қала көшелерінің бірінен ұстап алған.

Атыс салдарынан алдын ала дерек бойынша екі бала зардап шеккен.