Мәжіліс «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» конституциялық заң жобасын қарауға алды
Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» конституциялық заң жобасын жұмысқа қабылдады. Құжатты қарау үшін Парламент палаталарының бірлескен комиссиясы құрылып, оның құрамына Мәжіліс депутаттары Ерлан Саиров, Аманжол Әлтай және Наталья Дементьева енді.
Сонымен қатар төменгі палата бірқатар өзге де заң жобаларын қарауға алды. Олардың қатарында:
– Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы бастама;
– Қазақстан мен Сингапур арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету жөніндегі келісімді ратификациялау;
– Халықаралық автожүк тасымалы туралы конвенцияны және электрондық жүкқұжатқа қатысты қосымша хаттаманы ратификациялау мәселелері бар.