Жаңалықтар

Тұрсын Алагөзов тағы да жомарттық танытты: 50 пәтер сыйға берілді

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов қызметкерлеріне кезекті рет баспана тарту етті. Бұл жолы Шымкент қаласындағы “Galanz Bottlers” зауытында ұзақ жыл еңбек еткен мамандарға 50 пәтер берілді. Сыйлық кәсіпорынның 50 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған.

Пәтерлер ұзақ жылдар бойы зауытта еңбек еткен жұмысшыларға үлестірілді. Осылайша компания қызметкерлерін қолдау мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға басымдық беріп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін кәсіпкер Алматы қаласындағы осы кәсіпорын қызметкерлеріне 100 пәтер сыйлаған.