weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 10,6%-ға дейін баяулады

2026 жылғы сәуір айында айлық инфляция 0,8% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 0,7%, азық-түлік емес тауарлары және ақылы қызметтер бағасы– 0,9% өсті,— деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 10,6%-ға дейін баяулады

Азық-түлік тауарлары арасында банандар мен апельсиндер бағасы – 3%, көк шөп пен үрме бұршақ – 0,6%, зефир – 0,5%, кептірілген өрік 0,4% төмендеді.

Жүзімдер 5,6%, сары май мен карамель – 1,2%, картоп – 0,8%, сүзбе – 0,6%, орамалар, кекстер – 0,4%, лимон мен жасымық 0,3% қымбаттады.

Азық-түлік емес тауарлардан кір жуғыш машиналар 1,2%, парацетамол – 0,8%, контактілі линзаларға арналған ерітінді – 0,7%, блендер – 0,6%, теледидарлар 0,4% арзандады. Бағаның өсуі қол сағаттарына –4%, цементке – 2,4%, жеке гигиена тауарларына – 1,5%, жуғыш және тазартқыш құралдарға – 0,7% байқалды.

Ақылы қызметтер саласында туристерге арналған медициналық сақтандыру – 1,9% арзандады. Клининг қызметтері 0,8%, косметолог қызметтері – 0,7%, компьютерлер мен ноутбуктарды жөндеу 0,3% қымбаттады.

Жылдық есепте 2026 жылғы сәуірде инфляция 10,6% құрап, наурыз айымен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа баяулады. Азық-түлік емес тауарларының бағасы 11,7%, азық-түлік тауарлар – 11,3%, ақылы қызметтер – 8,9% өсті.

Жылдық мәнде қырыққабат бағасы – 24,4%, сарымсақ – 7,8%, қызылша – 4,7%, банандар 1,7% арзандады. Алмұрт 10,8%, бал – 9,1%, мармелад – 7,6%, ашытқы – 7%, құмшекер – 4,2% қымбаттады.

Бір жыл ішінде үтіктің бағасы 20,7%, тіс пастасы – 14,6%, зарядтау құрылғылары – 6,8%, дастархан – 6,4%, ас үй пышағы – 2,5% өсті. Заңгерлік қызметтер 10%, байланыс қызметтері – 3,2% қымбаттады.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 537 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→