Жаңалықтар

Биыл 7 және 9 мамырда қазақстандықтар қалай демалады?

2026 жылы 7 мамыр – бейсенбі күні қазақстандықтар үшін мерекелік демалыс болады. Ал 9 мамыр – сенбіге түскендіктен, бұл күнге байланысты демалыс 11 мамырға (дүйсенбіге) ауыстырылады,— деп хабарлайды newsroom.kz

Бес күндік жұмыс аптасы (5/2) бойынша

Бұл режимде жұмыс істейтіндер үшін демалыс кестесі:

• 4, 5, 6 мамыр – жұмыс күндері;

• 7 мамыр (бейсенбі) – демалыс;

• 8 мамыр (жұма) – жұмыс күні;

• 9 мамыр (сенбі) – мерекелік демалыс;

• 10 мамыр (жексенбі) – демалыс;

• 11 мамыр (дүйсенбі) – ауыстырылған қосымша демалыс.

Осылайша, қатарынан 3 күн демалыс болады: 9, 10 және 11 мамыр.

Алты күндік жұмыс аптасы (6/1) бойынша:

• 7 мамыр – демалыс;

• 8 мамыр – жұмыс күні;

• 9 мамыр – мерекелік демалыс;

• 10 мамыр (жексенбі) – демалыс;

• 11 мамыр – жұмыс күні.

2026 жылғы мамырдағы жалпы демалыс күндері

• 5 күндік жұмыс аптасында:
14 демалыс күні, 17 жұмыс күні;

• 6 күндік жұмыс аптасында:
9 демалыс күні, 22 жұмыс күні.

2026 жылы қазақстандықтар 27 мамырда да демалады — бұл Құрбан айттың бірінші күніне байланысты.

Мамыр айындағы маңызды күндер

• 10 мамыр – Аналар күні;

• 17 мамыр – Байланыс қызметкерлері күні;

• 20 мамыр – Метрология қызметкерлері күні;

• 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні;

• 31 мамыр – Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні;

• 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;