Пәтер жалдау арзандады: ең тиімді қалалар белгілі болды
Жыл басынан бері жалдау бағасы 18 қаланың 12-сінде төмендеген,— деп хабарлайды newsroom.kz
Жалдау қай қалаларда арзандады
Соңғы төрт айда ең үлкен төмендеу (5% және одан көп) Алматы, Көкшетау және Қостанай қалаларында тіркелді.
Шамамен 2–4% аралығында баға Астана, Шымкент, Тараз, Орал және Семей қалаларында арзандаған.
Қай қалаларда баға өсті
Үш қалада пәтер жалдау қымбаттаған:
• Түркістан (+4,1%);
• Петропавл (+2,9%);
• Қарағанды (+2,2%).
Ал Ақтөбе, Атырау және Түркістан қалаларында жалдау ақысы жыл басынан бері өзгеріссіз қалған.
Орташа жалдау бағасы
Есептеулерде медиандық көрсеткіш қолданылған.
27 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстандағы орташа жалдау бағасы — 3389 теңге/шаршы метр.
Ең қымбат қалалар:
• Алматы — 5591 тг/ш.м;
• Астана — 5000 тг/ш.м;
• Қостанай — 3852 тг/ш.м.
Ең арзан қалалар:
• Түркістан және Тараз — 2000 тг/ш.м
Пәтерді тәуліктік жалға алу бағасы:
• Астана — 15 000 теңге/тәулік;
• Алматы — 18 000 теңге/тәулік; • Қарағанды — 13 000 теңге/тәулік.