Жаңалықтар

Алматыда 92 жастағы қазақстандық үйленді

Мегаполисте күн сайын орта есеппен 70-ке жуық неке қию рәсімі өтеді. Некеге тұрушылардың орташа жасы: қалыңдықтарда — 29 жас, күйеулерде — 32 жас,— деп хабарлайды newsroom.kz

«Некені тіркеуге өтініш берген ең жасы үлкен азамат — 92 жастағы ер адам. Ал заң талаптарына сәйкес рұқсат алып, ең жас отбасы 16 жаста құрылған», — деп мәлімдеді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.

Сондай-ақ осы кезеңде 409 жұп шетел азаматтарымен некесін тіркеген.

Ажырасу

Бұдан бөлек, 2026 жылдың басынан бері шамамен 934 жұп некені бұзу туралы өтініш берген. Ажырасуға өтініш білдірушілердің орташа жасы: ерлерде — 39 жас, әйелдерде — 37 жас.

Некені қалай тіркеуге болады? 

«Азаматтарға арналған үкіметте» неке тіркеуге өтінішті кемінде 15 күнтізбелік күн бұрын беру қажет екенін еске салды.

Қызметті рәсімдеу жолдары:

•  АХАТ бөлімдері арқылы;

•  eGov.kz порталы арқылы;

• екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы.

Айта кетелік, жас жұбайлар қалауы бойынша неке қиюдың салтанатты рәсімін өткізе алады.