Белгілі ақын, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті.
Қазақ әдебиеті орны толмас қазаға ұшырады. Көрнекті ақын, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Белгілі болғандай, ол 8 сәуірден бері жансақтау бөлімінде жатқан.
Мұхтар Шаханов – ұлттық руханиятқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлға. Ол саналы ғұмырын шығармашылыққа арнап, қазақ поэзиясының дамуына зор ықпал етті. Ақынның шығармалары әлемнің 50-ден астам тіліне аударылып, халықаралық деңгейде кеңінен танылды.
Оның есімі мен әдеби мұрасы халық жадында мәңгі сақталатыны анық.