Иранда барлық мектептер қашықтан оқытуға көшеді
Иранның Білім министрлігінің өкілі Әли Ферхади 21 сәуірден бастап елдегі барлық мектептер қашықтан оқытуға көшетінін мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz
Иран студенттік ақпарат агенттігі ISNA-ның мәліметінше, Ферхади бұл шешімді жариялап, білім беру мекемелері онлайн форматта жұмыс істейтінін атап өтті.
Оның айтуынша, 21 сәуірден бастап және қосымша хабарламаға дейін ел бойынша барлық мектептер қашықтан оқыту режимінде жұмыс істейді. Бұл үшін қажетті жағдайлар жасалған.
Ферхади бұл шешім білім берудің барлық деңгейлері мен сатыларына қатысты екенін нақтылады. Алайда мұндай қадамға не себеп болғаны туралы толық мәлімет берілмеді.