Жаңалықтар

Сәуірдің тосын мінезі: Астанада қар жауып, Алматыда нөсер күшейеді

15–17 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды: елордада күн күрт суытып, қар мен көктайғақ күтіледі, ал Алматыда жаңбыр мен найзағай күшейеді.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Астанада ауа райы құбылмалы болады.

15 сәуірде күн ала бұлтты: күндіз жаңбыр жауып, кешке қарай қарға ұласуы мүмкін. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +4…+6, күндіз +7…+9 градус шамасында.

16 сәуірде күн суытады: түнде қар жауып, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ болуы ықтимал. Температура түнде -1…-3, күндіз +2…+4 градус болады.

17 сәуірде жауын-шашын тоқтайды, алайда жолдарда көктайғақ сақталуы мүмкін. Түнде -4…-6 градус, күндіз +6…+8 градусқа дейін жылиды.

Алматыда да ауа райы құбылмалы болады.

15 сәуірде күн жылы — +22…+24 градус, бірақ кешке қарай жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді.

16 сәуірде ауа температурасы +17…+19 градусқа дейін төмендеп, жаңбыр мен найзағай күтіледі.

17 сәуірде жауын-шашын күшейеді: түнде нөсер жаңбыр жауады, күндіз де салқын әрі жаңбырлы ауа райы сақталады (+11…+13 градус).

Жалпы, Қазақстанның көптеген өңірлерінде ауа райы нашарлайды. Солтүстік аймақтарда ауа температурасы нөлден төмен түсіп, жаңбырдың қарға ауысуы мүмкін, бұл көктайғаққа әкеледі. Кей өңірлерде қатты жауын-шашын, екпінді жел мен бұршақ күтіледі.