БАҚ: Таяу Шығыстағы соғыс Азия елдеріне 300 млрд долларға дейін шығын әкелуі мүмкін
АҚШ пен Израильдің Иранмен қақтығысы Азия-Тынық мұхиты аймағының экономикасына шамамен 300 миллиард доллар көлемінде шығын келтіріп, миллиондаған адамдарды кедейлікке ұшыратуы мүмкін. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) баяндамасына сілтеме жасаған CNN мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz
Телеарнаның мәліметінше, көлік, электр энергиясы және азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты аймақтағы өндіріс шығындары 97-ден 299 миллиард долларға дейін жетуі мүмкін. Бұл аймақтық жалпы ішкі өнімнің 0,3%-дан 0,8%-ына дейінгі бөлігін құрайды. Әлем бойынша шамамен 32 миллион адам кедейлік қаупіне ұшырауы мүмкін, оның ішінде 8,8 миллионы — Азияда.
Азия Таяу Шығыстан мұнай мен газдың ең ірі импорттаушысы болғандықтан, тарихтағы ең ірі энергетикалық дағдарыс алдында ерекше осал жағдайда тұр. Бағаның күрт өсуі мен жеткізілімдердің іс жүзінде тоқтауы АҚШ-тың негізгі одақтастары — Оңтүстік Корея, Жапония және Филиппин экономикасына ауыр соққы беріп, оларды экономикаларын шұғыл түрде тұрақтандыру шараларын қабылдауға мәжбүр етуде.
Сонымен қатар, Азия әлемдік өндірістің жартысынан астамын қамтамасыз ететіндіктен, бұл аймақтағы дағдарыс сөзсіз жаһандық деңгейге таралады, деп атап өтеді сарапшылар.