Жаңалықтар

Астанада ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтар қоғамда талқыланды

2026 жылы 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт‑дәстүрлер күні қарсаңында елордада ұлттық құндылықтар мен салт‑дәстүрлердің қоғамдағы рөлі жөнінде пікірталас өтті. 

«Наурызнама» онкүндігі аясында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт‑дәстүрлер күні ретінде атап өтіліп, Астанада «Ұлттық құндылықтар мен дәстүрлер – қоғамдық дамудың ресурсы» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды. 

Іс‑шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, өңірлік азаматтық альянстар, қаламгерлер мен сарапшылар қатысты. 

Кездесу барысында ұлттық салт‑дәстүрлер мен рухани құндылықтарды сақтау, оларды заманауи қоғамда қайта зерделеу және жастар тәрбиесіндегі рөлі талқыланды. Сарапшылар ұлттық мұраны дамыту үшін мемлекет пен азаматтық қоғамның күшін біріктірудің маңыздылығын атап өтті. 

Осындай пікірталастар қазақ халқының рухани байлығын насихаттауға, мәдени мұраны сақтауға және қоғамдағы бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады