weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ненад Лалович пен Мохаммед әл-Авамле Қазақстанға ресми сапармен келді

Қазақстан күрес федерациясының президенті Еркін Оқасовтың арнайы шақыруымен келген қонақтарға елордамызда салынып жатқан Қазақстан күрес академиясы таныстырылды,— деп хабарлайды newsroom.kz

Ненад Лалович пен Мохаммед әл-Авамле Қазақстанға ресми сапармен келді

Академияда грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресінен бөлек, жағажай күресінің балуандары да жаттығып, халықаралық додаларға дайындықтарын пысықтай алады.

Бұдан бөлек, Академия аясында медициналық және спорттық-ғылыми лабаротиялар да ашу көзделген.
Сонымен қатар, Астана қаласында Қазақстан күрес федерациясы жаңа кеңсесінің ресми ашылу салтанаты өтті. Салтанатты рәсім барысында лента қию құрметі Федерация президенті Еркін Оқасов пен Ненад Лалович мырзаларға бұйырды. Бұл сәт ел күресінің жаңа кезеңге қадам басқанын айшықтайтын тарихи сәттердің бірі болды.

Айта кетейік, сапардың негізгі нәтижелерінің бірі – Қазақстанда күрес спортын жүйелі түрде дамытуға бағытталған маңызды құжатқа қол қойылуы болды. Атап айтқанда, Қазақстан күрес академиясы United World Wrestling аясында жұмыс істеп, әлемнің үздік балуандарының орталығына айналады.

 

– Бұл бастама елімізде жас балуандарды даярлау жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, халықаралық стандарттарға сәйкес мамандарды қалыптастыруға жол ашуы тиіс. Сонымен қатар, академия отандық және шетелдік тәжірибені біріктіретін білім беру және жаттығу орталығына айналып, бүкіл әлем балуандары көз тігетін жүйе құрылады деп сенеміз, - деді Еркін Қадырғалиұлы.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→