weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Петропавл тұрғыны күшігін төртінші қабаттан лақтырып жіберген

Петропавл тұрғыны күшігін төртінші қабаттан лақтырып жіберген

Петропавл тұрғыны күшігін төртінші қабаттан лақтырып жіберген
ашық дереккөзі
Петропавл қаласының тұрғыны жануарға қатыгездік жасағаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 45 жастағы қала тұрғыны итін төртінші қабаттан лақтырып жіберген. Бұл оқиғаны полицейлерге Хименко көшесіндегі үйдің тұрғындары хабарлаған. Оқиға дәл сол үйде болған. Полиция қызметкерлері көп қабатты үйдің терезесінің алдында өліп қалған итті анықтаған. Ветеринарлар көмекке келсе де спаниельді құтқару мүмкін болмаған. "Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы (жануарларға қатігездік жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Иттің иесі, әйелдің мас болғандығы анықталды. 1 маусымда Петропавл қаласының соты оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды (27 мың теңгеден аса). Үкім күшіне енген сәттен бастап бір ай ішінде айыппұл төленбеген жағдайда, айыппұл қоғамдық жұмысқа немесе қамауға алуға ауыстырылады", - дейді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті басшысының орынбасары Еңбек Сембин.