Әлем

Ташкентте ірі базар өртке оранды

Ташкент қаласының шетінде, Ипподром маңында орналасқан «Бешкурган» базарында ірі өрт болды. Оқиға орнына Өзбекстан ТЖМ басшысы келді. Өрт 2 сағаттан астам уақыт бойы сөндірілді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Жексенбі күні Ташкенттің шетінде, Ипподром маңында орналасқан «Бешкурган» базарын ірі өрт шарпыды.

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт туралы хабар 15:56-да түскен. Шамамен бір сағаттан кейін — 16:53-те өрт оқшауланды. Ал 18:18-де толық сөндірілді.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Азизбек Икрамов (суретте) келді. Ведомствоның баспасөз қызметі жағдайдың бақылауда екенін мәлімдеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.

Әлеуметтік желілерде тараған фото мен видеоларда сатушылардың жалынның арасында дүкендерден тауарларын алып шығып жатқанын көруге болады.

Сондай-ақ адамдар базар маңындағы газ құю бекетіне жақын жерден қауіпсіз аумаққа қашып, алыстауға тырысқан.