Қарағанды облысында вахталық автобус аударылды: 50 адам болған
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Бесоба ауылынан 15 шақырым жерде вахталық автобус аударылды. Апат кезінде көлік ішінде 50 адам болған,— деп хабарлайды newsroom.kz
Оқиға орнына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жедел түрде жетті. Құтқарушылар зардап шеккендерді эвакуациялап, алғашқы медициналық көмек көрсете бастады.
«Қазавиақұтқару» әуе кемесімен үш зардап шеккен адам Қарағанды қаласының медициналық мекемелеріне жеткізілді. Сондай-ақ ТЖМ күштерімен, жедел жәрдем қызметі мен ведомствоның Апаттар медицинасы орталығы мамандарының сүйемелдеуімен 30 адам Ботақара кентінің ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы – орташа ауыр», – деп мәлімдеді құтқарушылар.
Авариялық-құтқару жұмыстарына «Матак» ТМСП қызметкерлері, жедел жәрдем бригадалары және полиция да қатысты. Қазіргі уақытта жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында.