Әлем

Түркияда жантүршілгерлік жол апаты: 5 адам мерт болды

Бүгін Анкара – Стамбул тас жолында, Кахраманказан ауданының Сарай аумағына жақын жерде тізбекті жол-көлік оқиғасы (ЖКО) орын алды,— деп хабарлайды newsroom.kz

Оқиға салдарынан 5 адам қаза тауып, 15 адам жарақат алды.

Зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді. Апат салдарынан Анкара – Стамбул бағытындағы тас жолдың Стамбулға қарай жүретін бөлігі біршама уақытқа толық жабылды. Кейінгі апаттардың алдын алу үшін жол және көлік қызметтері қауіпсіздік шараларын күшейтті, көлік қозғалысы балама бағыттар арқылы реттеліп жатыр.