Баспасөз қызметі әуе қорғанысы күштері нақты қандай нысанды — ұшқышсыз ұшу аппаратын (дрон) немесе зымыранды — жойғанын нақтыламады. Сынықтар құлаған кезде алты Непал азаматы мен бес Үндістан азаматы жеңіл және орташа дәрежеде жарақат алған. Тағы бір Непал азаматы ауыр жараланған.
Сондай-ақ бүгін Әбу-Даби билігі әлемдегі ең ірі біріктірілген газ өңдеу кешендерінің бірі саналатын Хабшан газ кешенінің жұмысын уақытша тоқтатты. Мұндай шешім бірнеше зымыран сынықтарының құлауынан кейін қабылданған. Қазіргі уақытта зауыт аумағында өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде.