Иранда интернеттің өшкеніне бір айдан асты
Иранда интернет байланысы 33 күн бойы дерлік толық жұмыс істемей тұр,— деп хабарлайды newsroom.kz
Қазіргі таңда елде интернеттің бұғатталғанына 34 күн болды, яғни бұл шектеу 792 сағаттан астам уақытқа жалғасып келеді.
Графиктерге сәйкес, интернетке қосылу деңгейі әдеттегі көрсеткіштің небәрі 1%-ын ғана құрайды.
Бұған дейін Ирандағы интернеттің өшірілуі әлемде бұрын-соңды тіркелген ең ауқымды шектеулердің бірі екені хабарланғаны белгілі болды.