Талдықорғандағы City Plus сауда-ойын-сауық орталығы 3,8 млрд теңгеге сатылмақ
Halyk Bank Талдықорған қаласындағы City Plus сауда-ойын-сауық орталығын сатуды жоспарлап отыр,— деп хабарлайды newsroom.kz
Аталған сауда нысаны қазір банктің кепіл базасында тұр. Оны сатумен банктің проблемалық активтерді басқаратын еншілес ұйымы — Халык Актив айналысады.
ТРЦ City Plus Талдықорған қаласының Қаратал шағын ауданы, 20Б мекенжайында орналасқан. Нысанды 3,8 млрд теңгеге сату жоспарланып отыр.
Банк мәліметінше, сатып алушымен келісімшарт жасасу туралы шешім қабылданған сәтке дейін жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдайға байланысты нысанның бағасы өзгеруі мүмкін.