Министрліктің мәлімдеуінше, 178 адам түрлі деңгейде жарақат алған — жеңіл, орташа және ауыр. Зардап шеккендердің арасында 30-ға жуық елдің азаматтары бар.
Сондай-ақ ведомствоның хабарлауынша, Иран шабуылдарының салдарынан БАӘ Қарулы күштерінің екі әскери қызметкері, қарулы күштерде жұмыс істеген Марокко азаматы, сондай-ақ Пәкістан, Непал, Бангладеш және Үндістан азаматтары болған сегіз бейбіт тұрғын қаза тапқан.
Бұдан бөлек, БАӘ-нің әуе қорғаныс жүйелері 28 наурыз күні Ираннан ұшырылған 20 баллистикалық зымыран мен 37 ұшқышсыз ұшу аппаратын (дрон) әуеде жойған.
Министрліктің дерегінше, шиеленіс басталғалы бері жалпы 398 баллистикалық зымыран, 15 қанатты зымыран және 1 872 дрон әуе қорғаныс жүйелері арқылы қағып түсірілген.