Жаңалықтар

АҚШ пен Израиль Ирандағы екі ірі болат зауытына соққы жасады

АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы екі ірі болат өндіретін кәсіпорынға әуе соққысын жасады,— деп хабарлайды newsroom.kz

Шабуылға Хузестан провинциясындағы Khuzestan Steel компаниясының металлургиялық комбинаты және Исфахан провинциясындағы Mobarakeh Steel компаниясының болат зауыты ұшырады.

Оқиға орындарына жедел түрде құтқару қызметтері жетті. Қазіргі уақытта қаза тапқандар, жараланғандар және келтірілген материалдық шығын көлемі туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.