Каспий маңында аққулар қырылуда: Себебі неде?
Ақтауға жақын Сайын Шапағатов ауылы маңында аққулардың өлексесі табылды,— деп хабарлайды newsroom.kz
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, қазір 11 өлі аққу тіркелген.
Мамандар қала маңы мен Түпқараған ауданы аумағында мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қазіргі уақытта мамандар аққулардың жаппай қырылу себебін анықтауы тиіс. Сарапшылар бірнеше нұсқаны қарастырып отыр:
• экологиялық ахуалдың нашарлауы;
• Каспий суының құрамының өзгеруі;
• инфекциялық аурулар;
• азық тапшылығы;
Соңғы жылдары Каспий теңізінде итбалықтар мен құстар санының азаюы жиілеп кеткені де алаңдатарлық фактор.