Жаңалықтар

8 адам зардап шекті: Шахтинскіде газ баллоны жарылды

Қарағанды облысы Шахтинск қаласында тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылды. Оқиға орнына барған құтқарушылар жиһаз бен тұрмыстық заттардың эанып жатқанын көрген,— деп хабарлайды newsroom.kz

«Құтқарушылар баспалдақ арқылы жоғары қабаттардан 5 адамды эвакуациялады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері де тұрғындарды эвакуациялаған, қалған тұрғындар өз бетінше ғимараттан шыққан», – делінген ақпаратта.

Оқиға салдарынан 8 адам зардап шекті, ішінде бесеуі – полиция қызметкері. Барлығы медициналық мекемеге жеткізілді.

40 шаршы метр аумаққа тараған өрт толық сөндірілді. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.