"Қайрат Нұртастың әндерін тыңдап, қазақ тіліне ғашық болдым": Түрік қызы Зейнеп қазақ тілін үйреніп, қазаққа келін атанды
NewsRoom
"Қайрат Нұртастың әндерін тыңдап, қазақ тіліне ғашық болдым": Түрік қызы Зейнеп қазақ тілін үйреніп, қазаққа келін атанды
Түркияның Измир қаласында туып-өскен түрік қызы Зейнеп Жұмадолда қазаққа келін болып отыр. Айтуынша, қазақ жігітіне тұрмысқа шығамын деп мүлдем ойламаған. Алайда түсіне Қазақстанның желбіреген туы кіріп, аян беріпті. Содан кейін қазақ тіліне ғашық бола бастаған. Бірақ Зейнептің қазақ жігітіне тұрмысқа шыққанына кейбір түрік азаматтары ерсі сөздер жазатын көрінеді. Мұны түрік қызы қате пікір екенін және Алла не жазса сол болатынын айтады. Ол Қазақстанға алғаш келгендегі сезімі және ата-анасының тұрмысқа шығуына қарсы болғаны туралы әңгімелеп берді.