Жаңалықтар

AUYL FEST – 2026: Петропавлда түркі этномәдени фестивалі басталды

Ұлыстын ұлы күнінде Петропавлда «Ауыл» партиясы мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «AUYL FEST. ҚАЗ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2026» II Халықаралық түркі этномәдени фестивалі басталды,— деп хабарлайды newsroom.kz

Фестивальдің негізгі мақсаты қандай?

Фестивальдің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі бастамасын іс жүзінде жүзеге асыру. Қаз шаруашылығы осы бағыттағы тиімді әрі қолжетімді салалардың бірі ретінде қарастырылады. Ол ауыл тұрғындарына тұрақты табыс табуға мүмкіндік беріп, ауылдық аумақтардың дамуын ынталандырады.

Фестиваль бір алаңда дипломаттарды, халықаралық сарапшыларды және жүздеген фермерді біріктіріп, тәжірибе алмасу, заманауи технологияларды енгізу және табысты ауыл шаруашылығы тәжірибелерін кеңінен таратуға арналған тек пікірталас емес, сонымен қатар практикалық алаңға айналды.

Жиында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов және ҚР Мәжіліс депутаты Николай Арсютин сөз сөйледі.  

Қанат Дүзелбаев қаз өсіру өңірдегі құс шаруашылығының перспективалы бағыттарының бірі екенін атап өтіп, оның аграрлық секторды әртараптандыруға және ауыл халқы табысының артуына елеулі үлес қоса алатынын жеткізді.

«Ауыл» партиясы Төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов қаз өсіруді дамыту ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асырумен тікелей байланысты екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Николай Арсютин ауыл шаруашылығы субъектілерінің табыстылығын арттыруға жағдай жасауға бағытталған аграрлық секторды заңнамалық қолдау шаралары туралы баяндады.

Сонымен қатар фестиваль аясында халықаралық қауымдастық өкілдері де сөз сөйледі. Олардың қатарында Қазақстан Республикасындағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге, чехиялық «Текро» компаниясы бас директорының орынбасары Александр Якунин, Башқұртстаннан келген профессор Альберт Фаррахов, «Асяновское» ЖШҚ директорлар кеңесінің төрағасы Рашит Саетғалиев, сондай-ақ тәжірибелі фермерлер мен салалық сарапшылар бар.