Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметте жаңа жеңілдік: күтім жасайтындарға арнайы режим

Жүкті әйелдерге және науқас отбасы мүшелеріне күтім жасайтын мемлекеттік қызметшілерге толық емес жұмыс күні белгіленеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Жаңа редакцияда жұмыс уақыты режимі нақты реттелген. Күнделікті жұмыс ұзақтығы 8 сағатқа дейін белгіленеді, ал апталық жұмыс уақыты 40 сағаттан аспауға тиіс.

І және ІІ топтағы мүгедектігі бар мемлекеттік қызметшілер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді. Жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы бар ата-аналардың біріне, сондай-ақ науқас отбасы мүшесіне күтім жасайтын қызметшілерге толық емес жұмыс уақыты қарастырылады.