Ауғанстанда сот күйеуінен зорлық көрген әйелге ажырасуға рұқсат бермеді
Ауғанстандағы сот күйеуінің тұрақты зорлық-зомбылығына шағымданған әйелге ажырасуға рұқсат бермеді. Бұл туралы The Guardian басылымы жазды,— деп хабарлайды newsroom.kz
Мәліметтер бойынша, күйеуі оған жиі қол көтерген. Сонымен қатар ол әйелін үнемі қорлап, «мүгедек» деп атаған, себебі оның оң аяғы сол аяғынан сәл қысқарақ. Әйел балалар үшін бәріне төзіп келгенімен, кезекті соққыдан кейін ажырасуға бел буған.
Қазіргі кезде Ауғанстанда билік жүргізіп отырған Талибан қозғалысы енгізген жаңа қылмыстық кодекс іс жүзінде әйелдерді ұрып-соғуға мүмкіндік береді.