Ираннан Қазақстанға 69 азамат оралды
Ираннан Қазақстанға жерүсті бағыты арқылы 69 азамат қайтарылды, ал Израильден 68 адам эвакуацияланды,— деп хабарлайды newsroom.kz
«Ираннан Түрікменстан шекарасындағы құрлықтағы өткізу бекеттері арқылы жерүсті жолымен Қазақстан Республикасының үш азаматы шығарылды. Жалпы эвакуация басталғалы бері Ираннан отанына 69 қазақстандық қайтарылды. Сонымен қатар Израильден 68 Қазақстан азаматы эвакуацияланды», – деп хабарлады Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, мемлекеттік органдар мен Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің көмегімен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстанға барлығы 9 926 қазақстандық қайтарылған.