Жаңалықтар

Бостандық және міндеттер – Конституцияның басты қағидаларының бірі

Конституция – әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарын айқындайтын басты құжат. Сонымен қатар, ол қоғам алдындағы азаматтардың міндеттерін де белгілейді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Конституциядағы азаматтардың негізгі құқықтары:

• өмір сүру құқығы;

• білім алу құқығы;

• еңбек ету құқығы;

• денсаулықты қорғау құқығы бар;

Бұл құқықтар әр азаматқа тең дәрежеде беріледі.

Конституциядағы азаматтардың бостандықтары:

• сөз және пікір білдіру еркіндігі;

• ар-ождан бостандығы;

• еркін қозғалу құқығы;

• қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндігі.

Бұл қағидалар демократиялық қоғамның негізін қалайды.

Конституциядағы азаматтардың міндеттері:

• Конституция мен заңдарды сақтау;

• Отанды қорғау;

• салық төлеу;

• табиғатты қорғау міндеттері көрсетілген.

Құқықтар мен міндеттер байланысты

Негізгі құқықтар мен бостандықтарды қорғау - құқықтық мемлекеттің басты қағидаларының бірі.

Конституция азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіптің негізін қалыптастырады.