Жаңалықтар

Таяу Шығыс елдерінен 9,5 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды – СІМ

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 9 517 қазақстандық қайтарылды,— деп хабарлайды newsroom.kz

«Қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірліктері, Катар және Сауд Арабиясы Корольдігінен азаматтарды эвакуациялау жұмыстары жалғасуда», – деп хабарлады СІМ.

Министрлік мәліметінше, Бахрейн, Израиль, Иордания, Иран, Кувейт, Ливан және Оманнан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмыстары аяқталуға жақын.