weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Референдум: 71 мыңнан астам адам оқытылды

Қазақстанда республикалық референдумға дайындық аясында комиссия мүшелерін кәсіби оқыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр. Бүгінде бұл үдеріске ел аумағындағы аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының 71 030 өкілі тартылған деп хабарлады Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов,— деп хабарлайды newsroom.kz

Референдум: 71 мыңнан астам адам оқытылды

Оның айтуынша, комиссиялардың жұмысын біріздендіру үшін Орталық референдум комиссиясы арнайы оқу-әдістемелік материалдар әзірленген. Сондай-ақ, өңірлерге әдістемелік құралдар топтамасы мен дауыс беру күніне арналған рәсімдерді түсіндіретін бейнекурс жолданған. Онда дауыс беруді ұйымдастыру тәртібі, комиссиялардың негізгі міндеттері мен іс-қимыл алгоритмдері кеңінен қамтылған.
 

«Дайындық каскадтық модель негізінде жүргізілуде. Барлық деңгейде комиссия мүшелері алдымен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» және «Қазақстан Республикасындағы республикалық референдум туралы» Конституциялық заңдардың негізгі нормалары бойынша кіріспе тест тапсырады. Бұл тәсіл олардың білім деңгейін нақты бағалап, оқыту жұмысын мақсатты түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді», - деді Ш.Өтемісов.

Оқытудың алғашқы кезеңінде Орталық референдум комиссиясы аумақтық комиссиялардың тұрақты мүшелеріне арналған республикалық онлайн-семинар өткізді. Оған 821 адам қатысты. Семинар барысында құқықтық рәсімдер, комиссия жұмысын ұйымдастыру, ақпараттық сүйемелдеу және референдумды қаржылық қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

ОРК хатшысының сөзінше, өңірлік кезеңде аумақтық комиссиялардың босатылған мүшелері 908 аумақтық комиссия мүшесін, сондай-ақ учаскелік комиссиялардың төрағалары, төраға орынбасарлары мен хатшыларын оқытқан.


«Бағдарлама аясында тәжірибелік сабақтарға да ерекше мән берілді. Олар учаскені дайындау, референдумға қатысушылар тізімімен жұмыс істеу, дауыс беру учаскесін ашу, дауыс беруді өткізу және қорытынды шығару сияқты негізгі кезеңдерді қамтыды. Практикалық тапсырмалар нақты жағдайларды үлгілеу арқылы жүргізіліп, түрлі әрекет нұсқалары мен құқықтық шешімдер пысықталды. Осы кезеңде 31 233 учаскелік комиссия басшылығының өкілі оқудан өтті», - деді ол.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→