weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
10 наурыз, 2026 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жаңа Конституция: 10 мыңнан астам учаске республикалық референдумға толық дайын

Қазақстанда республикалық референдумға дайындық жұмыстары шешуші кезеңге аяқ басты. Осыған орай Орталық референдум комиссиясының мүшелері ел көлемінде ауқымды инспекциялық сапарлар өткізіп, 17 облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен Астана қаласындағы дайындық барысын жан-жақты пысықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Жаңа Конституция: 10 мыңнан астам учаске республикалық референдумға толық дайын

Тексеру барысында сайлау инфрақұрылымының жай-күйі, науқанның ұйымдастырушылық-құқықтық қырлары, учаскелік комиссиялардың жұмысы, сондай-ақ референдум рәсімдерінің ашықтығы, заңдылығы мен жариялылығын қамтамасыз ету тетіктері басты назарда болған.

 «Орталық референдум комиссиясының мүшелері барған учаскелерде азаматтардың барлық санаты үшін қажетті жағдай жасалғанына көз жеткізді. Атап айтқанда, ғимараттар пандустармен жабдықталған, дауыс беруге арналған арнайы кабиналар мен Брайль қарпімен әзірленген трафареттер дайындалған. Ақпараттық стендтер арбамен қозғалатын азаматтардың қажеттіліктерін ескере отырып орналастырылған. Сондай-ақ көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін жаңа Конституция жобасының қазақ және орыс тілдеріндегі аудио нұсқасы қарастырылған», - деді Н.Әбдіров.

Оның сөзінше, ведомствоаралық өзара іс-қимыл аясында құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және аумақтық референдум комиссияларының өкілдері бірлескен отырыстарда бірқатар маңызды мәселелер бойынша есеп берген. Атап айтқанда, интернет пен электр энергиясының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, 10 411 учаскенің материалдық-техникалық жарақтандырылуы, 91 609 мүгедектігі бар азаматтың дауыс беруге қатысуына қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ дауыс беру күні қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары талқыланды.

Уақытша басқа жерде болуына байланысты дауыс беру күні өз учаскесіне келе алмайтын азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету үшін заңнамаға сәйкес есептен шығару куәлігін алу мүмкіндігі де қарастырылған.

«Қазір референдумға дайындық және оны өткізу тәртібі туралы халықты кеңінен ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл үшін түрлі коммуникациялық арналар іске қосылып, арнайы онлайн-сервистер пайдалануға берілуде. Азаматтар өздерінің дауыс беру учаскесін eGov Mobile мобильді қосымшасы, Kaspi Bank пен Halyk Bank қосымшалары, сондай-ақ байланыс операторларының SMS-хабарламалары арқылы анықтай алады», - деді комиссия Төрағасы.

Сонымен қатар, «ЖСН бойынша дауыс беру үшін өз учаскеңізді табыңыз» атты арнайы сервис іске қосылған. Бұдан бөлек, азаматтар тұрғылықты жері бойынша әкімдіктердің call-орталықтарына хабарласып, өз учаскесі туралы нақты ақпарат ала алады. Call-орталықтардың нөмірлері жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылған.

«Инспекциялық сапарлар аясында учаскелік референдум комиссиялары мүшелерін оқытудың үшінші кезеңіне де ерекше назар аударылды. Жалпы аумақтық және учаскелік комиссия мүшелерін оқыту каскадтық модель бойынша ұйымдастырылған. Алдымен аумақтық комиссия мүшелері офлайн және қашықтан оқытылып, одан кейін учаскелік комиссиялардың төрағалары, олардың орынбасарлары мен хатшыларына арналған семинарлар өткізілген», - деді Нұрлан Мәжитұлы.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→